&#1200стaз — &#1201лы т&#1201л&#1171a. Б&#1199гіндe &#1257мірін бaлa т&#1241рбиeсінe, м&#1201&#1171aлімдік &#1179ызмeткe aрнa&#1171aн &#1201стaздaр жeтeрлік. Сoл м&#1201&#1171aлімдeрді б&#1199кіл eлгe тaныту мa&#1179сaтындa Tengrinews.kz рeдaкциясы «&#1178aзa&#1179стaнны&#1187 &#1201лa&#1171aтты &#1201стaздaры» жoбaсын &#1179oл&#1171a aл&#1171aн eді. Б&#1201л жoлы &#1179oсымшa білім бeру мeктeбіні&#1187 нeгізін &#1179aлa&#1171aн жaс мaмaн Aсaн Жoлдaсoв жaйлы мaтeриaл &#1201сынaмыз.

Aсaн Жoлдaсoв — Aлмaты &#1179aлaсыны&#1187 тумaсы. Oл eліміздeгі «Пифaгoр» &#1179oсымшa білім бeру мeктeбіні&#1187 дирeктoры. Бір &#1179ызы&#1171ы, м&#1201&#1171aлімдeр oтбaсындa д&#1199ниeгe кeлгeн oл бoлaшa&#1179тa білім саласында ж&#1199ремін деп ойламапты.

«Анам да, &#1241кем де білім саласында &#1179ызмет еткен. Анам 40 жылдай м&#1201&#1171алім бол&#1171ан. &#1178арындасым бар, егізім. Екеуміз де білім саласындамыз. Біра&#1179 бала кезімнен білім саласына жоламаймын, м&#1201&#1171алім болмаймын деп ойлайтынмын. Себебі кішкентай кезімнен бастап анамны&#1187 т&#1199ні бойы д&#1241птер тексеріп &#1179иналып отыр&#1171анын к&#1257ретінмін. Негізі ата-анасы м&#1201&#1171алім бала &#1257скенде &#1201стазды&#1179 жол&#1171а т&#1199спеймін деп ойлайтын &#1179а&#1171ида бар. Мен де сондай ойда болдым», — дейді Асан. 

Білім беру саласына &#1179алай келді?

Уа&#1179ыт &#1257те келе оны&#1187 ойы &#1257згерген екен. 

«Уа&#1179ыт &#1257ткен сайын &#1257мірде болып жат&#1179ан д&#1199ниелер адамды &#1257згертеді дейді &#1171ой. 5-сыныпта анам, мен, &#1179арындасым &#1199шеуміз жер &#1199йге к&#1257шкен болатынбыз. Мен 8-сынып о&#1179ы&#1171ан кезде &#1199й саламыз деп шештік. Себебі о&#1171ан дейін ша&#1171ын п&#1241терде т&#1201р&#1171анбыз. Анамны&#1187 айлы&#1171ына &#1179арап &#1179аламыз ба деген оймен математиканы жа&#1179сы ме&#1187гергендіктен 9-сыныптан бастап &#1179осымша саба&#1179 бере бастадым. С&#1257йтіп &#1179осымша саба&#1179 беріп, анама к&#1257мектестім», — дейді ол. 

Асан Жолдасов © Оспан &#1240ли

Асан Жолдасовты&#1187 айтуынша, ол 1-курстан бастап мектеп &#1179абыр&#1171асында ресми т&#1199рде саба&#1179 бере баста&#1171ан. 

«Мен 1-курстан бастап Республикалы&#1179 физика-математика мектебінде ресми т&#1199рде саба&#1179 бере бастадым. Кейіннен 2-курста 2008 жылы &#1257з мектебімді аштым. Басында &#1199ш адам болып баста&#1171анбыз. Кейін ол екі адам кетіп, &#1257зім &#1171ана &#1179алдым. Ал&#1171ашында ол іспен тек хобби ретінде айналыс&#1179анмын. Онда&#1171ы ойым — &#1179арапайым мектепте о&#1179итын талантты балалар&#1171а математиканы тере&#1187 зерттеуге м&#1199мкіндік беру. Себебі математиканы тере&#1187детіп о&#1179у&#1171а арнайы мектептерді&#1187 &#1171ана м&#1199мкіндігі болатын. &#1178арапайым мектептерде п&#1241нді тере&#1187 о&#1179у&#1171а м&#1199мкіндіктер болмады. М&#1201&#1171алім жетіспейтін. Жа&#1179сы м&#1201&#1171алімдер болса да бір сыныпта 30-40 о&#1179ушы отырады. Олар&#1171а &#1179осымша білім беру &#1179иын&#1171а со&#1171ады», — дейді Асан. 

&#1256зі аш&#1179ан мектепке ал&#1171аш о&#1179ушыларды жо&#1171ар&#1171ы о&#1179у орныны&#1187 &#1179абыр&#1171асында &#1179абылда&#1171ан екен. 

«Ол кезде бізге &#1178БТУ ректоры к&#1257мектесті. Бізге к&#1257рсеткен е&#1187 &#1199лкен к&#1257мегі — о&#1179у орныны&#1187 бос кабинеттерін берді. С&#1257йтіп біз т&#1257рт жылдай сол о&#1179у орнында о&#1179ушылар&#1171а &#1179осымша саба&#1179 бердік. Ол кезде жерт&#1257леде, бос кабинеттерде саба&#1179 &#1257ткіздік. Жалпы &#1257зіміз секілді балалар&#1171а мектеп кезіміздегі &#1179ателіктерімізді &#1179айталау&#1171а жол бермеуге, жа&#1179сы білім беріп, математиканы тере&#1187 &#1199йреткіміз келді. Біз кез келген баланы&#1187 математикалы&#1179 дарынын дамыту&#1171а тырысты&#1179. Себебі ондай балалар &#1178аза&#1179станда к&#1257п. Сонымен &#1179атар біз еліміздегі білім беру ж&#1199йесіндегі &#1199лгілерді «сындырды&#1179″ деп айтсам болады. &#1256йткені к&#1257бісі математика — тек &#1201л балалар о&#1179итын сала деп ойлайды. Біз математикадан &#1199ш д&#1199ркін &#1241лем чемпионын, е&#1187 ал&#1171аш &#1178аза&#1179стан &#1179&#1201рамасына кірген физик &#1179ыздарды шы&#1171арды&#1179. &#1178азір Еуропаны&#1187 &#1257зі Азия елдеріні&#1187 ж&#1199йесіне &#1179арап ж&#1201мыс істейді. Со&#1171ан &#1179арап біз де орта буынды математика&#1171а баули бастады&#1179. Бізді&#1187 ж&#1199йені &#1179азір &#1257збек елі де &#1179айталап жатыр», — дейді Жолдасов.

Асан Жолдасов © Оспан &#1240ли

&#1240лем бойынша математика саласын зерделей келе, &#1257зі аш&#1179ан мектепті&#1187 ж&#1199йесін аны&#1179та&#1171ан. &#1178азіргі та&#1187да Асан Жолдасовты&#1187 мектебі о&#1179ушыларды екінші сыныптан бастап &#1179абылдайды екен. 

«С&#1257йтіп бастауыш сыныпты да &#1179ол&#1171а алды&#1179. &#1240рине, бірінші сынып&#1179а тиіскен жо&#1179пыз. Екінші сыныптан бастап &#1179аза&#1179ша-орысша толы&#1179тай математиканы мектептік де&#1187гейде д&#1201рыс т&#1199сіндіруге ж&#1241не оны тере&#1187 логикалы&#1179 есептер &#1179ызы&#1179тырып &#1199йретіп, баланы&#1187 шамасын аны&#1179тау&#1171а &#1199йретеміз. Кез келген баланы &#1257зіні&#1187 барар максимуна жеткізуге тырысамыз. &#1240р баланы&#1187 де&#1187гейі &#1241рт&#1199рлі болады», — дейді Асан. 

«Математикада&#1171ы олимпиадалы&#1179 ж&#1199йе д&#1201рыс емес»

Д&#1241л осындай ой&#1171а Асан Жолдасов балаларды біраз жыл бойы зерттегеннен кейін келген. 

«Математикада&#1171ы олимпиадалы&#1179 ж&#1199йені&#1187 баланы&#1187 &#1179алыптасуына &#1179алай &#1241сер ететінін т&#1199сіндік. Жалпы математиканы&#1187 &#1179ателігі жо&#1179. Математиканы тере&#1187 білген сайын адам тере&#1187 ойлана бастайды. Біра&#1179 математикада «эго» деген &#1199лкен м&#1241селе бар. О&#1179ушыларда эго тым &#1257зімшіл болып кеткен кезде, халы&#1179 тарапынан асыра ма&#1179таулар к&#1257п болып кеткен кезде пайда болады. Жалпы айт&#1179анда бала белгілі бір жетістікке жеткен кезде «ж&#1201лдыз ауруына» шалды&#1171а бастайды. Ондай кезде т&#1241рбие жа&#1171ын кішкене ысырып &#1179ояды. С&#1257йтіп т&#1241рбиесіз-а&#1179ылды бала болып шы&#1171атындар к&#1257п. Ондай адамдар а&#1179ыр ая&#1171ы &#1257здерімен &#1257здері &#1179алып &#1179ояды. Та&#1171ы бір м&#1241селе — &#1257те а&#1179ылды адамдар ойымен алыс&#1179а кетіп &#1179алады. Я&#1171ни ойымен б&#1199кіл &#1241лемді &#1257згертіп таста&#1171ан, ал іске келгенде т&#1199к жо&#1179. Себебі о&#1171ан к&#1199ші жетпейді. Ал к&#1199ші жетпеуіні&#1187 себебі ол бас&#1179а адамдардан к&#1257мек с&#1201рау&#1171а менмендігі жібермейді. Я&#1171ни жа&#1187а&#1171ы айтып отыр&#1171ан эго пайда болады. Ондай адамдарда soft skill деп аталады, я&#1171ни эмоцияларын д&#1201рыс &#1179ада&#1171алай алмайтын &#1179асиет болады», — дейді Жолдасов. 

«Белгілі бір жетістікке жеткен о&#1179ушыларымды керемет деп санамаймын»

Асан Жолдасовты&#1187 мектебі тарихында к&#1257птеген медаль алып, бірнеше д&#1199ркін &#1241лем чемпоны бол&#1171ан балалар жетерлік. Алайда ол медаль бірінші орында&#1171ы м&#1241селе емес екенін атап &#1257тті.

«Б&#1201рын мен о&#1179ушыларым 50, 100 алтын медаль алып келсе, болмаса &#1241лемдік де&#1187гейдегі ата&#1179 алып келсе керемет санайтынмын. Кейіннен, со&#1187&#1171ы бес жылда, мен оларды е&#1187 мы&#1179ты т&#1199лектерім деп санамаймын. Мен &#1199шін е&#1187 мы&#1179ты о&#1179ушы — ол &#1257з &#1257зін же&#1187е біліп, 11 жыл ішінде м&#1199лде &#1257згеріп шы&#1171ып, &#1199лкен &#1257мірге ай&#1179ын ма&#1179сат &#1179оя білген адам. Егер жалпы к&#1257пшілікке таныс жетістіктер туралы айтатын болса&#1179, менде бес рет республикалы&#1179 олимпиаданы, &#1199ш рет &#1241лемдік олимпиаданы же&#1187іп келген балалар болды. &#1178азір оларды&#1187 б&#1241рі &#1241лем бойынша ж&#1199р. Мен &#1199шін адамгершілігін, т&#1241рбиесін са&#1179тай білген адам &#1171ана же&#1187імпаз. Оны кезінде бізге апайларымыз да айтатын. Біз де «и&#1241, и&#1241″ деп ж&#1199ре беретінбіз. Біра&#1179 оны &#1257зі&#1187 к&#1257збен к&#1257ргеннен кейін &#1171ана т&#1199сіне бастайсы&#1187», — дейді Асан.

Елбасымен кездесу

Жас маман 2019 жылды&#1187 «&#1178аза&#1179станны&#1187 100 жа&#1187а есімі» &#1201лтты&#1179 жобасына &#1179атысып, екінші орын иеленген. 

«Б&#1201л жоба&#1171а &#1257тінішті &#1257зім бермегенмін. Мені&#1187 бір о&#1179ушымны&#1187 ата-атанасы мені&#1187 &#1257мірбаянымды жа&#1179сы білетін болуы керек. &#1240рі ол кісі жа&#1179сы жазатын адам екен. Сол кісі мені&#1187 атымнан &#1257тініш жазып, тізімге &#1179осып жіберген екен. Артынша біраз турдан кейін ма&#1171ан «Асан, сен &#1257тіпсі&#1187, енді дауыс жинау керек» деп айтты. С&#1257йтіп &#1257зім де &#1179ызы&#1171ып, сілтемесін тарата бастадым. Біра&#1179 к&#1257п тарат&#1179ан жо&#1179пын. Ары &#1179арай &#1257тпейтін шы&#1171армын деп ойладым. Адамдарды&#1187 &#1257зі &#1257мірбаянымды о&#1179ып, &#1179ызы&#1179&#1179ан болуы керек. Бір кезде &#1179ара&#1171анда біраз дауыс жина&#1171ан екенмін. С&#1257йтіп екінші орын алдым. М&#1199лде к&#1199тпедім. Себебі шыны керек &#1241ділетсіз жоба шы&#1171ар деп ойладым. Барлы&#1171ы шынайы болды. Кейіннен барлы&#1171ымыз жиналып, Елбасымен кездестік. Елбасыны&#1187 &#1257зі бізді&#1187 білім беру ж&#1199йемізге &#1179ызы&#1171ып бірнеше с&#1201ра&#1179 &#1179ойды. Елбасыны&#1187 алдында с&#1257з с&#1257йлеп шы&#1179&#1179аннан кейін &#1179атты &#1179обалжы&#1171анымен, 10 жылды&#1179 е&#1187бегімізді&#1187 еленгеніне іштей &#1179уанып т&#1201рдым», — дейді Асан. 

Сонымен &#1179атар Жолдасов еліміздегі математика п&#1241ніні&#1187 де&#1187гейі туралы ойын б&#1257лісті. 

«Елдегі математика де&#1187гейін айту &#1257те &#1179иын. Себебі математика — &#1199лкен &#1171ылым. Оны&#1187 бірнеше саласы бар. Жалпы еліміздегі математика де&#1187гейі жаман емес. Себебі біз ж&#1199здіктерде 20-25-орындар&#1171а, кейде тіпті 6-орын&#1171а шы&#1179&#1179ан кездеріміз де бар», — дейді Асан Жолдасов. 

Баланы&#1187 данышпан болуы &#1241рине, &#1179ан&#1171а да байланысты. Біра&#1179 н&#1241тижені&#1187 90 пайызы е&#1187бек екенін &#1201мытпау керек. Е&#1187бек етсе, кез келген баланы биіктен к&#1257руге болады. Біра&#1179 а&#1179ылды, данышпан болып т&#1201р&#1171ан баланы еріншектік &#1179асиеті арт&#1179а тартады.

&#1178аза&#1179станны&#1187 &#1201ла&#1171аты &#1201стаздары» жобасы ERG компаниясыны&#1187 &#1179олдауымен &#1257тіп жатыр. Сондай-а&#1179, ERG компаниясымен бірлесіп «Батырлар арамызда», «Же&#1187імпаздар», «&#1178аза&#1179станны&#1187 дарынды балалары» арнайы жобалары &#1179ол&#1171а алын&#1171ан.

Комментирование и размещение ссылок запрещено.

Комментарии закрыты.